Калькулятор расчета пеноблоков смотрите на этом ресурсе
Все о каркасном доме можно найти здесь http://stroidom-shop.ru
Как снять комнату в коммунальной квартире смотрите тут comintour.net
Калькулятор расчета пеноблоков смотрите на этом ресурсе
Все о каркасном доме можно найти здесь http://stroidom-shop.ru
Как снять комнату в коммунальной квартире смотрите тут comintour.net
  • 1
  • 2
  • 3
  • 4
  • 5
  • 6
  • 7
  • 8

8 тамыз күні аудандық балалар кітапханасында «Помни свои истоки» тақырыбында тарихи досье өткізілді. Өзіміздің өлкеде мәңгілік мекенін тапқан Ескелді би жайлы ақпараттар берілді. Оқырманды кітапхананың ең қызықты кітабы «Данылық әліппесін» таныстырып , библиографиялық шолу жасады. Даналық әліппесі сөйлейтін қалам он екі кітаптан тұрады. Даналық әліппесіндегі сөйлейтін қалам арқылы халық әндерін , күйлерін, нақыл сөздерін, ертегілерді, батырлар жырларын, бабалар батасын, бесік жырын, халық аңызын, билер сөзін, оның ішінде Ескелді бидің даналық сөздерін, қобыз үнін тыңдады. "Даналық әліппесі" инновациялық сөйлейтін қаламы бар кітап балалардың қызығушылығын арттырды. Балалар кітапханаға жазылып оқуға он бес кітап алды.

8.08.19

Қараша айының 23 күні өңіріміздің киелі орындарын зерттеу мақсатында шалғайда жатқан Бәйшегір және Қызылбалық ауылдық округтеріндегі заманында дуалы сөзімен елді ауызына қаратқан, сөз бастаған шешен, қол бастаған батыр бабалар жолын жаңғыртқан «Киелі мекенім – Қараталым» экспедициясы ұйымдастырылды.Экспедиция мүшелерінің құрамында І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің география және экология кафедрасының профессоры, география ғылымдарының кандидаты Еркін Тоқпанов, облыстық «Жетісу» газетінің тілшісі Ришат Тұрғанбаев, аудандық ішкі саясат бөілімінің басшысы Назкен Игенбаев, Б. Римова атындағы орта мектеп- гимназиясының директоры, география пәнінің мұғалімі Ғалымжан Диқанбаев, аудандық «Қаратал» газетінің бас редакторы Асхат Өмірбаев, аудандық жастар ресурстық орталығының жетекшісі Нұржан Рахметқазынов секілді азаматтар болды.Киелі орындардың картасы әзірленіп, батыр, би, әулие болған бабаларға қатысты аңыздар мен тылсым әрі тың фактілерді жинау басшылыққа алынды. Экспедиция мүшелері Мықтыбек батыр, Бақай батыр қорымына, ақын-сазгер Пшан мен Жәлменде би Байшығашұлына қойылған ескерткішке, Тілеуғұл батыр мен Арқабай әулие және заманында тұлға болған басқа да әулиелердің бейіттеріне барып, тәу етті.

23.11.18 (1)

Толығырақ...

"Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" бағдарламасының «Туған жер» жобасы аясында Қаратал ауданының сакралды географиялық картасын негізге ала отырып, Жаңаталап ауылдық кітапханасының кітапханашыларының ұйымдастыруымен «Қасиетті өлке - Қаратал» тақырыбында өлкемізде мәңгілік мекенін тапқан әулие батырларымыздың бірі қасиетті баба Балпық бидің кенесіне тарихи танымдық саяхат өткізді. Балпық би кесенесінің шырақшысы Ербол Амангелдіұлы әулие жайлы,кесененің салынуы, тағы да басқа көптеген мағлұмат айтып берді. Кітапханашылар "Балпық би" атты кітаптағы аңыз әңгімелерді балаларға дауыстап оқытып балалардың санасына сіңірді. Шараның негізгі мақсаты: оқушылардың бойындағы патриоттық тәрбиені одан әрі өршіту, туған елге, туған жерге деген құрметті асқақтату. Елімізге танымал тарихи тұлғаларды дәріптеу болды

eres5yh 1

Толығырақ...

2018 жылдың 9 тамызында Қаратал ауданына Астана қаласының Л.Гумилев атындағы Евразиялық ұлттық университеті «Архелогия және этнология» кафедрасының профессоры Раушан Мухамеджановна Мустафина, кафедраның 3 магистранты Жылыбұлақ ауылында орналасқан таңбалы тастарды зерттеу мақсатында келіп қайтты.

20180809 151243 1

Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы «Туған жер» бағдарламасының аясында М.Горький атындағы орта мектебінің 6- сынып оқушылары Қаратал ауданының сакралды географиялық картасын негізге ала отырып, қасиетті Жылгелдіұлы Ескелді би кесенесіне жол тартып, көптеген пайдалы мағлұмат алып қайтты. Шараның негізгі мақсаты: оқушылардың бойындағы патриоттық тәрбиені одан әрі өршіту. Жетекшісі Молжигитова Г.К.

6785678690 2

Толығырақ...