Калькулятор расчета пеноблоков смотрите на этом ресурсе
Все о каркасном доме можно найти здесь http://stroidom-shop.ru
Как снять комнату в коммунальной квартире смотрите тут comintour.net
Калькулятор расчета пеноблоков смотрите на этом ресурсе
Все о каркасном доме можно найти здесь http://stroidom-shop.ru
Как снять комнату в коммунальной квартире смотрите тут comintour.net
  • 1
  • 2
  • 3
  • 4
  • 5
  • 6
  • 7
  • 8

Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ, Қазақстан Республикасының Президенті

БОЛАШАҚҚА БАҒДАР: РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ

12 сәуір 2017 жыл

КІРІСПЕ

Еліміз жаңа тарихи кезеңге аяқ басты.  

Мен жыл басындағы халыққа Жолдауымда Қазақстанның үшінші жаңғыруы басталғанын жарияладым. Осылайша, біз қайта түлеудің айрықша маңыз- ды екі процесі – саяси реформа мен экономикалық жаңғыруды қолға алдық.

Біздің мақсатымыз айқын, бағытымыз белгілі, ол – əлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосылу.

Аталған екі жаңғыру процесінің де нақты мақ- сат-міндеттері, басымдықтары мен оған жеткізетін жолдары бар. Мен көздеген жұмыстарымыздың бəрі дер уақытында жəне барынша тиімді жүзеге асарына сенімдімін. Бірақ, ойлағанымыз орындалу үшін мұның өзі жеткіліксіз. Мақсатқа жету үшін біздің санамыз ісімізден озып жүруі, яғни одан бұрын жаңғырып отыруы тиіс. Бұл саяси жəне экономикалық жаңғыруларды толықтырып қана қоймай, олардың өзегіне айналады.

Рухани жаңғыру тек бүгін басталатын жұмыс емес.

Біз Тəуелсіздік кезеңінде бұл бағытта бірнеше ауқымды іс атқардық.

2004 жылы «Мəдени мұра» бағдарламасы аясында Қазақстан аумағындағы тарихи-мəдени ескерткіштер мен нысандарды жаңғырттық.

2013 жылы «Халық – тарих толқынында» бағдарламасы арқылы əлемнің ең белді архивтерінен төл тарихымызға қатысты құжаттарды жүйелі түрде жинап, зерттедік.

Енді осының бəрінен де ауқымды жəне іргелі жұмыстарды бастағалы отырмыз.

Мен еліміз мықты, əрі жауапкершілігі жоғары Біртұтас Ұлт болу үшін болашаққа қалай қадам басатынымыз жəне бұқаралық сананы қалай өзгертетініміз туралы көзқарастарымды ортаға салуды жөн көрдім.

Толығырақ...

Қыран мен қазақ. Осынау ұғым тамшының сыңарындай санамызға сыналай еніп кеткелі қашан. Әсіресе, Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламасының лебі жұртшылыққа көктемгі алтын күректей соғып, эмблемада қыран бейнесі жарқ ете түскенде еркіндік сүйгіш ел екеніміз көзімізге оттай басылып, денеміз дүр сілкінді. Күн көзіне жасқанбай қарайтын бүркітше келешекке түу биіктен көз тастап, қанатымызды қомдадық. Көңіл түкпірінде бұйығып жатқан бұла күш кеудеге сыймай, сергек серпілісті бастан кештік. Әлбетте, бұл рухани жаңғыру – қазақ санасына сілкініс жасап, болашаққа барар жолда ұлттық ерекшелігімізді байыпты бағалап, бүркітше самғауымызға соны серпіліс берді. Әсілі, аспанда қанатын кең жайып қалықтаған қыран бүркітті қолына қондырып, жердегі жұртқа талғажау боларлық аң атаулыға салып, саятшылық мектебін қалыптастырған ата-бабаларымыздың шеберлігіне қалай тәнті болмайсың! Томағасын сыпырып, ұшырған қыранның ілген олжасын көңіл үшін танысына сыйлай салтын жомарттық, мәрттік болмысынан өрілген тамаша қасиеттер талай жәйттан сыр шертеді-ау! 

xKKoG1zwkYI

Толығырақ...