Калькулятор расчета пеноблоков смотрите на этом ресурсе
Все о каркасном доме можно найти здесь http://stroidom-shop.ru
Как снять комнату в коммунальной квартире смотрите тут comintour.net
Калькулятор расчета пеноблоков смотрите на этом ресурсе
Все о каркасном доме можно найти здесь http://stroidom-shop.ru
Как снять комнату в коммунальной квартире смотрите тут comintour.net
  • 1
  • 2
  • 3
  • 4
  • 5
  • 6
  • 7
  • 8

"Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында аудандық кітапхананың «Коворкинг» орталығында «Латын әліпбиі – заман талабы» атты тақырыпта кітапхана оқырмандарымен ақпарат сағаты өткізілді. Оқырмандар латын әліпби жөнінде ақпарат алды. Қазақ жазуының тарихы, Елбасының әліпби ауыстыру туралы жарлығы, латын әліпбиіне көшудегі мән-мақсат баяндалып, латын графикасына негізделген жаңа әліпби жан жақты таныстырылды.

5.08.19 5

5.08.19 6

28 қаңтар күні аудандық мәдениет үйінің кіші мәжіліс залында «Рухани жаңғыру» бағдарламасының және Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы аясында аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен мәдениет саласы және кітапхана қызметкерлерінің қатысуымен «Латын тілі –қазақ тілінің жаңа белесі» атты кездесу өткізілді. Іс - шараның мақсаты: ана тілі арқылы ұлттық руханиятымызды, мәдени мұраларымызды, материалдық құндылықтарымызды келешек ұрпаққа жеткізу – қазіргі қоғамның басты міндеті екендігін жеткізу. Жиында мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы А.Оңғаров өз сөзінде дүниежүзі халқының 80 пайызы қолданатын латын әліпбиіне көшу озық инновациялар мен технологияларға бір табан жақындатып, өркениетті елдермен байланысымызды жақындатып, экономикасы дамыған отыз елдің қатарынан орын алу ісіне, мемлекеттік тілдің ұлттық бет-бедерін сақтап қалуға оң әсерін тигізетіндігі туралы айтты. Кездесу қызықты әрі пайдалы өтті.

20180606_100616.jpg

2019 жылы 25 қаңтар күні Тастөбе ауылдық округінің кітапханашысы және Тастөбе ауылдық округінің аппараты ұжымы бірлесе отырып ауыл тұрғындарының қатысуымен «Болашақтың рухани байлығы» атты дөңгелек үстел өткізілді. Кітапханашы Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында 2025 жылға дейін латын әліпбиіне көшуге кірісуіміз керектігін және болашақта барлық саладағы іс-қағаздар мен оқулықтар да осы қаріппен жазылуы тиіс екенін қадап айтты. Сондай-ақ, Үкіметке қазақ тілін латын әліпбиіне көшірудің нақты кестесін жасауды тапсырып, уақыт ұттырмай бұл жұмысты қазірден бастан қолға алу қажеттігін атап өтті. Бүгінгі күннің өзекті мәселесіне айналған «Латын әліпбиіне көшу» туралы пікірлерін ортаға салуға жиналған қауым ойларымен бөлісті. Әртүрлі пікірлер тыңдалды. Қорыта келгенде, латын әліпбиіне көшу - ұлтымыздың санасын бұғаудан босатады, түркі және жаһандық әлемімен ықпалдасуға, қазақ халқы ертеден қолданған әліпбиімізге қайта оралып, ұлттық санамыздың қайта жаңғыруына жол ашады.

34hgwegv2g_1.jpg

Толығырақ...

Қаражиде ауылдық кітапханасында мәдениет қызметкерлері мен кітапханашының ұйымдастырумен «Латын әліпбиі - келешектің кемел жазуы» атты дөңгелек үстел өтті. Шараның мақсаты: бағдарламалық мақаласындағы латын әліпбиіне көшу идеясын насихаттау мен түсіндіру, жас ұрпаққа латын әліпбиіне көшудің маңыздылығы туралы терең мағлұмат беру. Іс-шараға: зейнеткер, ұстаз Сауле Төлегенова,  Елтай округінің бас маманы С. Сабанбаев, мектеп ұстазы Тәжібаева Зауре,мәдениет үйінің директоры Ж. Лянова және мектеп оқушылары қатысты. Кітапханашы шараның соңынан дөңгелек үстелді қортындылап «Латын әліпбиіне көшу- замана талабы» атты кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасады.

IMG-20190118-WA0041.jpg

Толығырақ...