Калькулятор расчета пеноблоков смотрите на этом ресурсе
Все о каркасном доме можно найти здесь http://stroidom-shop.ru
Как снять комнату в коммунальной квартире смотрите тут comintour.net
Калькулятор расчета пеноблоков смотрите на этом ресурсе
Все о каркасном доме можно найти здесь http://stroidom-shop.ru
Как снять комнату в коммунальной квартире смотрите тут comintour.net
  • 1
  • 2
  • 3
  • 4
  • 5
  • 6
  • 7
  • 8

2019 жылдың 15 тамыз күні Жолбарыс батыр ауылдық округіне қарасты Қанабек ауылының мәдениет үйінде «Қаратал жомарттары» іс-шарасы іске асырылды. Мақсаты: ауданымыздан шыққан демеушілерді, меценаттарды марапаттау, қайырымдылыққа тарту. Іс-шараның басында ауыл тұрғындарының ұйымдастыруымен «Атқа мінгізу» дәстүрі жүргізілді. Мәдениет үйінің алдында көрме қойылды. Сахнада іс-шараны ашу, құттықтау, марапаттау құрметі аудан әкімінің орынбасары Қ.Қасымовқа берілді. «Жыл меценаты» номинациясымен Молжигитова Гүлжан Әсетқызы(Қанабек ауылының тұрғыны, жеке кәсіпкер), «Туған өлке» номинациясымен Ахмет Сабит Нұржанұлы («Тастөбе Агрофуд» ЖШС-ң басшысы), «Жылдық үздік ұйымы» номинациясымен «Үштөбе-Айдын» ЖШС-і (Үштөбе қаласы), «Жыл тұлғасы» номинациясымен Ли Агафья Дюн-Хаковна («Лад» ЖШС-ң басшысы) марапатталды.

15.08.19 1

Толығырақ...

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ағымдағы жылдың 12 шілдесі күні қала әкімі аппаратының ғимаратында «Туған жерге тағзым» атты кездесу қала кәсіпкерлері арасында ұйымдастырылды. Кездесу барысында қала әкімі Р.Бекбосынов өзінің баяндамасында Үштөбе қаласының кәсіпкерлерінің қала дамуына қосқан үлесі туралы атап өтті. Кездесу барысында қала әкімінің алғыс хаттарымен жеке кәсіпкерлер Ахметбаев Бауыржан, Бласов Жайлаубек, Ли Агафья, Ли Петр, Ким Наталья, Чен Роза, Пусурманов Аскар, Абдуллина Айгерим, Сеитова Жанна, Мурзалиев Фурхат марапатталды.

66212754_342105453358163_7873606601909731328_o.jpg

Толығырақ...

2018 жылдың 11 қазан күні Талдықорған қаласы «Рухани жаңғыру» жобалау офисинде облыстық «Жомарт жүрек» форумының жеңімпаздары марапатталды. Қаратал ауданынан 3 номинация бойынша 3 үміткер ұсынылған. «Жыл меценаты» номинациясы бойынша ауданның үмітін ақтаған «Қаратал» ЖШС-ң директоры Жексембиев Серікжан Бақытұлы облыстық дәрежедегі марапатқа ие болды. Биылғы жылы Серікжан Бақытұлы аз қамтылған отбасылардан шыққан оқушыларға, зейнеткерлерге, көмекке мұқтаж жанұяларға қаржылай көмек көрсетті. Сонымен қатар, мектептің футбол командасының демеушісі.

345gwwqw34tcq3c4rt_2.jpg

Толығырақ...

02.07.2018 жылы Жаңаталап орта мектебінің акт залында ауыл азаматтарымен кездесу өтті. Ұйымдастырушылар: мектеп ұжымы мен Балпық ауылдық  округінің әкімшілігі. Мақсаты: мектепте оқитын аз қамтылған отбасынан, көп балалы отбасынан және жартылай жетім балаларға оқу құралдарын , мектеп формасын алуға көмек қажеттілігі. Кездесуге ауылдық округының  әкімі Тасыбаев Р.Ш. және қамқоршылық кеңесінің төрағасы Оспанов Б.О. қатысты. Ауыл округінің әкімі және мектеп әкімшілігі көмек көрсеткен ауыл азаматтарына  алғыс белдірді. Олар: Смаилов Б.Ж, Жексенбиев С.Б,  Есімбеков Қ.А, Есімбеков М.А, Оспанов Б.О, Ерғазин А, Қадыров Р.Х, Нурмуханбетов  Н.Н, Келменбетов Е. Келесі оқу жылында бір қатар оқушылар жаңа оқу жылын жаңа заттармен бастамақшы.

жанаталап

25 мамыр күні «Ауылым –алтын бесігім» «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласының «Туған жерге туынды тік» жобасы аясында ауыл әкімдігінің жанында орналасқанҰлы Отан соғысы ардагерлеріне арналып жасалған ескерткіштің округ әкімі, ауыл тұрғындары мен жастардың қолдауы арқасында күрделі жөндеу жұмыстары аяқталап, аудан әкімінің орынбасары Қ.Қасымовтың қатысуымен ашылу салтанаты болды. Қатысушылар саны – 50. Қаржыландыру көзі –демеушілік. Қаржыландыру соммасы - 1 млн.тг

2505180 1

Толығырақ...